Сапарбаев Жаңатаста өрттен қаза болған 5 баланың ата-анасының шаңырағына барды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатастағы пәтер өртінен көз жұмған бес баланың ата-анасы мен туыстарына барып, мемлекет басшысының атынан көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Облыс әкімі марқұмдардың ата-анасының қара шаңырағы орналасқан Талас ауданы, Үшарал ауылына арнайы барған. Ол туралы аймақ басшысы Instagram мен Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Бүгін Талас ауданының Үшарал ауылында болдым. Жаңатастағы өрт салдарынан көз жұмған балалардың ата-анасы қазір осындағы қара шаңырағында. Әбдімәліковтер отбасының қайғысына ортақтасып, мемлекет басшысының атынан көңіл айттым. Президент тапсырмасына сәйкес, қара жамылған жанұяға жан-жақты көмек көрсетілуде",-деп атап өткен өз жазбасында Бердібек Сапарбаев.
Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт болып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан пәтерде үлкендердің қарауынсыз қалған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы дүниеге келген бес сәби түтінге уланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Алайда араға біраз уақыт салып, барлығы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңатаста пәтердегі өрт тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуінен туындаған. Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты.
Марқұмдардың жақындарына мәжіліс депутаттары да көңіл айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900000-saparbaev-zaatasta-rtten-kaza-bolgan-5-balany-ata-anasyny-sayragyna-bardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.