Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды (видео)

Жарияланған күні:

Балаларды іздестіру жұмыстары
Фото: Видеодан кадр

Байқоңырда жоғалып кеткен оқушылардың бірі өлі күйінде табылды. Оның денесін Сырдария өзенінен тапқан. Қазіргі таңда екінші баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жеткіншектің денесі Сырдария өзенінен табылған. Полиция бүгінде сегіз жастағы екінші баланы іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Белгілі болғандай, оқушының денесі табылған өзен балалар жаттығатын спорт кешені ғимаратынан екі жүз метр қашықта ағып жатыр. Бұл туралы іздеуге қатысқан еріктілер айтты.

Айта кетейік, іздеу салынған қос жеткіншек 20 ақпан күні сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған. Анықталғандай, жасөспірімдер "Маяк" спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін жоғалып кеткен.

Олардың іздеу жұмыстарына Қазақстан мен ресейлік полицейлер және ТЖМ өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды.

"Байқоңыр" кешені прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, балалардың жоғалуына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900031-baiqonyrda-zogalgan-bir-balanyn-denesi-tabyldy-video/