Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңатастағы 5 баланың өмірін жалмаған өрт: Көршілер тың деректерді жария етті

Жарияланған күні:

Фото
Видеодан кадр: Хабар 24

Жамбыл облысына қарасты Жаңатастағы өрттің неден болғаны әлі анықталған жоқ. Төтенше жағдай мамандары жалын балалар бөлмесінен шыққанын болжап отыр. Ал куәгерлер жедел-жәрдем де, өрт сөндірушілер де кеш келгенін айтады. Түтінге тұншыққан бүлдіршіндердің төртеуін анасы жалынның ортасынан өзі алып шыққан. Көпқабатты тұрғын үйдегі оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Төменгі қабатта тұратын көршілер түтінді тым кеш байқағандарын жасырмады. Сол күні келіншектің кенжесінің тамағын беріп, ұйықтатқан соң, азық-түлік алуға дүкенге шығып кеткені белгілі болды. Өртті сыртта жүрген адамдар көріп хабар берген.

Құтқарушылар келгенше пәтер ішінен бес баланың төртеуін анасы өзі алып шығыпты. Жедел жәрдем жетемін дегенше оларды көршілерінің көлігімен ауруханаға алып кеткен екен. Өкінішке қарай балалар медициналық мекемеге жетпеген. Оқиға орнына кейін келген арнайы қызметкерлер үйден бесінші баланың денесін тапқан.  

"Құтымен су және сүлгі беріңіз деді. Мен аштым. Бердім. Бірақ айқайлаған жоқ. Айқайласа бәріміз шығар едік қой. Ашсам мына жердің барлығы түтін. Шыға алмайсың. Болды. Басқа ештеңе білмеймін", - деді марқұм балалардың көршісі Алтынкүл Жамалбекова.

Жаңатас қаласының тұрғыны Садық Егембериев жедел жәрдем қызметі кейін келгенін жеткізді.

"Полға дейін түтін. Кірдім де қайтып шығып кеттім. Жылыту пешін қоймаған. Себебі біз кеше криминалистермен кіріп көрдік қой. Жедел жәрдем кейін келді", - деді ол.

Ажал құшқан бес баланың әкесі аудандық ауруханада бухгалтер болып жұмыс істейді. Ал анасы мұғалім, бірақ қазір бала күтімімен үйде отыр.

Телеарна мәліметінше, өрт болған пәтер балалардың нағашы апасына тиесілі.

Жас отбасы көпбалалы ретінде пәтер кезегінде тұрған екен.

"Бірінші сыныпқа енді барған бала ғой. Қалғандарының арасы бір жастан. Осында бәрі тізіліп жүретін анасының артынан. Жас отбасы ғой. Олар анасының орнына көшіп келді ме, бірдеңе қылды. Бұрын әке-шешесінің пәтерінде тұрған", - деді Жаңатас қаласының тұрғыны Ораз Исмаилов.

Әзірге бес баланың өмірін жалмаған өрттің неден шыққаны белгісіз. Нақты себебін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалыпты.

"Зерттеу жүргізу барысында оқиға орнында электр қондырғылары, жағымсыз сымдар немесе өзге де жылыту құралдары болмаған. Балалар бөлмесінде өрт басталған. Өрттің қызу себебінен тез жанатын құрылғылар әсері тиген", - Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ермек Момбаев.

Қара жамылған әулет өткен сенбі күні бес баланы жер қойнына тапсырды. Жерлеу рәсімі Талас ауданы Үшарал ауылында өтті.

Автор: Б. Жұмабайұлы

Еске сала кетсек, өткен аптаның соңында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бір үйдің бас баласы көз жұмды.

Жақында қаза тапқан балалардың туысы қазақстандықтарға үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900282-zaatastagy-5-balany-mirin-zalmagan-rt-krsiler-ty-derekterdi-zaria-etti/