Тергеу жүргізілуде: Алматыдағы дүкендердің бірінде атыс болды
Жарияланған күні:
Алматының Абай даңғылындағы "Мәскеу" метро станциясының жанында атыс болды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Максим Косарев хабарлады. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Фильмдерді, youtube-ті тамашалап отырсақ, подъезден атыстың дыбысы естілді. Содан кейін екі минут өткесін дәл осындай дыбыс көшеден шыға бастады. Кешкі 10 болғасын, балалардың ойнап жүрмегені анық еді. Шамамен 5 минут өткеннен кейін Абайға (даңғыл - ред.ескертпесі) үш полиция көлігі мен екі жедел жәрдем көлігі келіп жетті.Терезе сыртындағы әңгімелерден мен біздің подъезге жақын көрші пәтердегі сыра сататын дүкенде атыс болғанын түсіндім. Бірін зембілмен алып шықты, екіншісінің бетін минералды сумен жуып жатты", - деп атыс болған күнді еске алды Алматы тұрғыны.
Ер адамның жазуынша, мекеменің клиенті мен сатушысы арасындағы жанжал соңы атысқа ұласқан болуы мүмкін. Тұрғынның болжамы бойынша клиент сатушыға оқ жаудыруы ғажап емес.
Сол арада Алматы полиция департаменті күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.
"Аталған фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі "Бұзақылық" дерегі бойынша қылмыс құрамы белгілеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу тіркелді", - дейді полиция департаментінде.
Сондай-ақ, атыстан жарақат алғандардың бар-жоғын білу үшін біз Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасына хабарластық. Құзырлы мекеме кейінірек бұған қатысты ақпарат беруге уәде берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900358-almatydagy-dukenderdin-birinde-atys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.