Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таспен аяусыз ұрдым": Нағашы ағасын өлтірген ШҚО тұрғыны өз оқиғасын баяндады

Опубликовано:

Өзен жағасындағы жігіт
Көрнекі фото: piqsels.com

Ағасын өлтіргені үшін үкім алған сотталушыға анасы кешірім берген. Осы отбасылық қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жігітке тағылған айып Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтерінің бірінде 2015 жылдың жазында болған оқиғаның негізінде құрылды.

"Біз бір құрылыс бригадасында жұмыс істедік, мен өлтірген адам менің нағашым, анамның ағасы болатын", – деп еске алады тұтқын.

Ер адам өзінің туысына зиян тигізу туралы ойы болмағанын алға тартады.

"Мұның бәрі кездейсоқ болды. Жұмыс күнінің аяғы болатын, ағам ішуге бел буды, содан кейін біз үйге апаратын жолмен келе жатыр едік, ол кенет отыра қалды да, мен туралы және менің ата-анам жайлы бейәдеп сөздер айта бастады.
Мен отбасында жалғыз ұл болдым, сондықтан мен үшін анам мен әкем ең жақын адамдар болды. Оның маған айтқан сөздері қатты әсер етті. Мен мас нағашымды таспен ұра бастадым. Сол сәтте ешқандай аяушылық сезінбестен оны басынан және бетінен бірнеше рет ұрдым. Үні өшкен кезде ғана тынышталдым. Мен қорқып кеттім", – деді сотталушы.

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейін ол қылмыс болған жерде бірнеше сағат отырған. Содан кейін ол ойларын жинап, ағасының денесін өзенге жақын қалдырып, үйіне қайтқан.

Бөлмесіне кіріп, фотосуреттер альбомын шығарған ол отбасылық суреттерді көріп, көзіне жас алады. Ол ата-анасына не істегенін мойындаудан қорыққан.

Жігіт батылдық жинап, теледидар көріп отырған әкесіне жақындайды.

"Оның қасында отырып, мен жылап отырып оған болған жағдайды айтып бердім. Әкем жейдемнің жағасынан ұстап алды да, көзіме қарап: "Ол қайда?", – деді. Анам мұны естігенде ауырып қалды, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Әкем мен денені тастаған өзенге қарай беттеді. Содан кейін не болғаны есімде жоқ. Менің есімде тек полиция қызметкерлері, кісендер қалды", – деп еске алады ер адам.

Тек бірнеше жылдан кейін ол батылдық танытып, анасынан ағасын өлтіргені үшін кешірім сұрауға бел буған. Ол ата-анасы өзін кешіргенін айтады.

"Анама өте қиын болды, ол екі оттың ортасында қалды. Бір жағынан, ол ағасынан айырылды, екінші жағынан, баласын темір тордың ар жағында көру оған өте ауыр болды. Осындай азапқа қарамастан, анам мені кешірді", – деп сотталушы терезесіне үнсіз қарап, көзіне жас алып өз тарихын аяқтады.

"Мұнда түрлі өмірлік оқиғалары бар адамдар жазаларын өтейді. 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысының барлық колонияларында апаларын, аналарын, әйелдерін мерекемен Skype арқылы құттықтады. Олардың кейбіреулері сәлемдемелер жіберіп, хат жазды", – деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1902458-taspen-ayausyz-urdym-nagasy-agasyn-oltirgen-sqo-turgyny-oz-oqigasyn-bayandady/

pixel