Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адам көз жұмды: Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбедегі жол апаты
Оқиға орны. Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

"Самара-Шымкент" тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Pontiac-Viva» автокөлігі Қалыбай ауылы маңында жолдың тайғақ бөлігінде метеорологиялық жағдайды ескермегендіктен тайып, жол жиегінде тұрған «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Pontiac» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, көбіне жүргізушілер жол ережелерін сақтамайды.

"Ережені елемейді, белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетеді. Ара қашықты сақтамайды. Мұның бәрі қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Жол қателіктерді кешірмейді. Жыл басынан бері облыста 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам мерт болып, 135 адам түрлі дене жарақатын алды" , - деді А.Арыстанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903189-eki-adam-koz-zumdy-aqtobede-zantursigerlik-zol-apaty-oryn-aldy-video/

pixel