Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы AH-26 әскери ұшағының әуе апатына ұшырауынан кейін аман қалған екі адамның жағдайы туралы ақпарат жария болды деп хабарлайды "Хабар 24".
Әскери ұшақ апатынан аман қалған екі адам Алматыдағы нөмірі төртінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені белгілі болып отыр.
Бүгінде олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Қаланың ең тәжірибелі дәрігерлері ауруханаға келіп, апаттан зардап шеккен азаматтарға ем-домын жасап жатыр. Екеуіне бас ми жарақаты диагонозы қойылған.
"Ұшақ апатынан екі адам түсті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Диагноздары - бас ми жарақаттары. Термиялық күйік - 50 пайыз, 30 пайыз. Бір науқаста ашық сирақ сүйектерінің сынуы. Кеуде жарақаты, пневмоторокс. Екінші науқастың диагнозы - бас ми жарақаты. Термиялық күйік - 30 пайыз. Төртінші саусақтың сынуы. Және кеуде қуысының жарақаты", - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері Руслан Токушев.
Еске салсақ, Алматыда орын алған ұшақ апатынан 4 адам қаза тапқан еді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында орын алған ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген.
Сол арада оңтүстік астана әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан Алматыдан Қазақстанның өзге қалаларына рейстер бөгелгені анықталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903227-almatydagy-usaq-apatynan-aman-qalgandardyn-zagdaiy-belgili-boldy/