Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апаты: Дәрігер аман қалғандардың жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков әуе апатында жарақат алған ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Жандос Дәулетбековтің сөзінше, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.

"13 наурызда болған әуе апатынан зардап шеккен екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 18:05-те өте ауыр жағдайда түсті. Екеуінің жағдайына қатысты ауруханалар мен ведомстволық медициналық қызмет мамандарынан тұратын қалалық консилиум өтті. Зардап шеккендерді емдеп жатырмыз, бірақ жағдайлары өте ауыр", - дейді Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі.

Еске салсақ, 12 наурыз күні Алматы маңында "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағыты бойынша ұшып шыққан ҰҚК-ның АН-26 әскери ұшағы апат болған еді. Бортта болған 6 адамның төртеуі қайтыс болды.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі.

Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың суретін жариялады.

Олардың айтуынша, экипаж тәжірибелі әрі кәсіби мамандардан құралған еді.

Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Ол үшін сараптау комиссиясы құрылған. Оның құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өкілдері енген.

ҰҚК ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқандығын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903395-almatydagy-usaq-apaty-dariger-aman-qalgandardyn-zagdaiy-turaly-aitty/

pixel