Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінің тағдырын қайталады": Ұшақ апатынан көз жұмған әскери қызметші жайлы экс-әріптесі баяндады

Опубликовано:

Мұхтар Сағымбаев
Фото: ҰҚК. Аға лейтенант Мұхтар Сағымбаев

Алматыда әскери ұшақ апатынан қайтыс болған 25 жасар жігіт туралы оның бұрынғы әріптесі айтып берді. Әйелдің сөзінше марқұмның өмірі әкесінің тағдырына ұқсас болды деп хабарлайды Уақыт көрсетеді бағдарламасы.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Алматыда әскери ұшақ апатынан көз жұмған шекара қызметінің аға лейтенанты Мұхтар Сағымбаев туралы тың мәліметтер ұсынды.

Марқұммен қызметтес болған әйел журналиске экс-әріптесі жайлы айтып берді.

"Ол бала 25 жаста, үйленбеген. Мұхтардың әкесі де тура осындай ұшақ апатынан 20 жыл бұрын қайтыс болған. Әкесі шекара авиациясында қызмет атқарып жүріп, 2001 жылы ақпан айында мерт болды. Енді баласы да әкесінің тағдырын қайталап отыр", - деді ол.

Сондай-ақ, қызметтесінің сөзінше, көз жұмған жас жігіт анасы алған ипотека бойынша банкке қосымша қарызгер болған.

Еске салсақ, 12 наурыз күні Алматы маңында "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағыты бойынша ұшып шыққан ҰҚК-ның АН-26 әскери ұшағы құлаған еді. Борттағы алты адамның төртеуі қайтыс болды.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі.

Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың суретін жариялады.

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903557-akesinin-tagdyryn-qaitalady-usaq-apatynan-koz-zumgan-askeri-qyzmetsi-zaily-eks-ariptesi-bayandady/

pixel