Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты тележүргізушіге тікелей эфир кезінде тыржалаңаш әйел шабуыл жасады (видео)

Опубликовано:

ФОто
Видеодан кадр: Youtube/Acces Direct

Румыниялық танымал тележүргізушіге тікелей эфир кезінде тыр жалаңаш әйел шабуыл жасады деп хабарлайды Lenta.ru.

Келеңсіз жағдай румыниялық Antena 1 телеарнасының студиясындағы "Тікелей мүмкіндік" бағдарламасы кезінде орын алған. Ал ролик YouTube желісінде жарық көрді.

G4media басылымының мәліметінше, бейтаныс адам күзетшілерді айналып өтіп, тележүргізуші Мирелла Вайдаға тура жүгірген. Тіпті БАҚ өкіліне әйелдің тас лақтырғанын кадрдан байқау қиын емес. Тележүргізушінің бағына орай ол мүлт кеткен.

Содан кейін шабуыл жасаған әйел қолға түсті. Өз кезегінде ол "Ақшамды қайтар" деп айқайға басқан.

Бағдарлама қайта жалғасқаннан кейін Мирелла Вайда есеңгіреп қалғанын және өз қауіпсіздігі үшін қорқатынын жеткізді.

"Бұл әйел өте жылдам уақытта жақындап, мені таспен ұруға тырысты. Мен не болып жатқанын түсінбегендіктен қатты абдырап қалдым. Батыл қадам жасауға шамам келмеді. Жолым болып оның соққысы тимей қалды", - деді тележүргізуші.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған әйел жақында психиатриялық ауруханадан шыққан. Оның студияға ашық есіктен кіруі мүмкін екені айтылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904292-ataqty-telezurgizusige-tikelei-efir-kezinde-tyrzalanas-aiel-sabuyl-zasady-video/

pixel