Батыс Қазақстанда екі тұрғын үй өртенді
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысында екі тұрғын үй өртенді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 20 наурыз күні Теректі ауданы Барбастау ауылында болды. Сағат 18.27-де Б.Момышұлы көшесі 2-мекенжайында тұрғын үйдің жанып жатқаны белгілі болды. Аумағы 90 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 20.14-те оқшауланып, 21.21-де толықтай сөндірілді.
Сондай-ақ бүгін сағат 10.24-те Орал қаласында Қ.Жұмағалиев көшесі 11-мекенжайында жеке үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен.
Тұрғын үйдің шатыры мен төбе жабындары жанды. Аумағы – 70 шаршы метр. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам 4 техникамен жұмыс істеді. «Тілсіз жау» сағат 11.27-де ауыздықталды. Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ. БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін тұрғындар есіне салады.
Айта ктейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматының әйгілі барахолкасынан тағы да өрт шықты. ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 19 наурыз күні сағат 14:51-де Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базарынан түскен шақырту бойынша оқиға орнына аттанған. Олар оқиға орнына 3 минутта жетіп, бірнеше контейнердің жанып жатқанын анықтаған.
Өрт сөндіру техникасына жол ашу үшін оқиға орнына "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілген. Техниканың өтуіне жеке көліктер кедергі келтірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904328-batys-qazaqstanda-eki-turgyn-ui-ortendi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.