Желіде "Алтын ордадағы" жанжалдың қалай басталғаны туралы видео жария болды
Жарияланған күні:
Желіде "Алтын орда" базарындағы кикілжіңге қатысты бірнеше бейнеролик жарияланды. Онда соңы төбелеске ұласқан даудың қалай басталғаны көрсетілген. Оқиға бүгін Алматы маңындағы ірі базарда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бастапқыда желіде төбелестің видеосы пайда болды. Кадрдан автокөлік тізгіндеген ер адамның оқиға орынынан қашып бара жатқанын, ал көлік тұрағындағы қызметкердің оған кедергі жасамақ болғанын, тіпті базар қызметкерлерінің бірі көлікке қарай үстел лақтырғанын байқауға болады. Аталған жайттың тұраққа төлем жасамағаннан орын алғаны хабарланды. Базарға келген көлік жүргізушісінің қолма-қол төлем жасауға ақшасы болмай шыққан. Ол картаға аударым жасауды ұсынғанда тұрақ қызметкері одан бас тартқан. Содан кейін екі азамат сөзге келіспей, арты төбелеске айналған.
Бейнетіркеуішке түсіп қалған роликтен жанжалдың неден басталғанын естуге болады.
"Ақша аударуға бола ма? Немесе қайтар жолда ақшамды ұсатып берем", - дейді базар тұрағына келген жүргізуші.
Жоқ деген жауапты естіген жүргізуші:
"Бірден бере алмаймын. 20 мың берейін, аласың ба? Мен саған Kaspi бар ма деп тұрмын? Сен жоқ дедің", - дейді көлік жүргізушісі.
"Kaspi жоқ, брат. Жазылып тұр ғой", - деп жауап берді тұрақ қызметкері.
"Неге айғайлайсың? Жай сөйлес", - деп ашулана бастайды жүргізуші.
"Міне жазылып тұр ғой", - дейді тура сол үнмен тұрақшы.
"Мен саған тағы да айтамын, жайырақ сөйлес", - дейді жүргізуші.
Одан әрі видеодан жүргізушінің базар аумағына тегін өтуге ыңғайланғанын байқауға болады.
Сондай-ақ Instagram-да көлік жүргізушінің оқиғаның қалай өрбігенін баяндаған видеосы пайда болды. Оның сөзінше, тұрақ қызметкері оған пышақ ала жүгірген. Жүргізуші онда ешқандай ұлтаралық алауыздық жоқ екенін алға тартты. Ол екеуара жанжалға киліккен топқа реніш білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1905445-zelide-altyn-ordadagy-zanzaldyn-qalai-bastalgany-turaly-video-zariya-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.