Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"60 теңге үшін оқтаумен ұрды": Байқоңырда 14 жастағы баланы соққыға жыққан

Опубликовано:

Жеткіншек
Көрнекі сурет: Sputnik / Ксения Воронина

Байқоңыр тұрғыны 14 жасар баланы соққыға жықты деп күдіктелуде. Прокуратура қылмыстық істі бақылауға алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Байқоңыр қаласының 26 жастағы тұрғыны 14 жастағы жиені 60 теңге ұрлады деп күдіктеніп, оны жөнге салғысы келген. Ер адам баланың басынан оқтаумен бірнеше рет ұрады. Осылайша жасөспірімге дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді", - деп хабарлады Байқоңыр кешенінің прокуратурасы.

Қаланың ресейлік құқық қорғау органдары 26 жастағы ер адамға қатысты "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады қадағалаушы органдағылар.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 13 жасар бала өзін тонамақ болған қарақшыға қарсы тұрғанын жазған едік. Алматылық полицейлер қарақшыға қарсы тұрған жеткіншекті марапаттады. Тәртіп сақшылары жеткіншекке сыйлық тарту етіп, оның анасына алғыс білдірген.

Одан бөлек, Қостанай облысында полицей мен ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз. Роликке қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді. Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл видео қазіргі таңда зерттеліп жатыр.

"Істің мән-жайын анықтау үшін қауіпсіздік бөлімі қызметтік тексеруді тағайындады" - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1906129-60-tenge-usin-oqtaumen-urdy-baiqonyrda-14-zastagy-balany-soqqyga-zyqqan/

pixel