Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Жарияланған күні:

Ұшақ апаты
Кадр: "Хабар 24"

Алматыдағы әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков пен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жағдайлары тұрақты ауыр. Қарқынды терапия жағдайында бақылауда. Денсаулықтарын жақсарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда", - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали да зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

"Олардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салуда. Қазір олардың жағдайы тұрақты ауыр. Екеуі де №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Алғашқы күннен бастап біздің дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетуде", - деді спикер брифинг барысында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылғанын жазған едік.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі.

Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың суретін жариялады.

Олардың айтуынша, экипаж тәжірибелі әрі кәсіби мамандардан құралған еді. ҰҚК ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқандығын мәлім етті.

Кейін ақ халаттылар ұшақ апатынан аман қалғандар есін жинағанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1906620-almatydagy-usaq-apaty-darigerler-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-turaly-aitty/