jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматы облысындағы әуе апатынан аман қалған екі ұшқыштың беті бері қарады

Ұшақ апаты
Кадр: "КТК"

Алматы облысында әуе апатынан аман қалған әскери қызметкерлер есін жиды. Ауыр жарақат алып денесін күйік шалған ұшқыштар жедел ауруханаға жеткізілген болатын деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Ақ халаттылар екі апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан қос ұшқыштың беті бері қарағанын айтуда.

"Жағдайлары тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Екі науқас та есін жиды", - дейді Алматы № 4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Әуе апаты Қызылту ауылының маңында 13 наурыз күні болған. Нұр-Сұлтан қаласынан көкке көтерілген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ан-26 әскери ұшағы отқа оранып, Алматы әуежайының ұшып-қону жолағына жете алмай құлаған. Әуе кемесінің бортында болған 6 адамның төртеуі оқиға орнында қайтыс болды.

Ал есін жиғандардың бірі – экипаж командирі Артем Аширов бұған дейін ауыр халде жатқан еді. Бүгінде дәрігерлер екі әскери қызметкердің өмірін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Ал апаттың себебін арнайы комиссия тергеу аяқталған соң жариялайтын болады.

Дереккөз: "КТК"

Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылғанын жазған едік.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі.

Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың суретін жариялады.

Олардың айтуынша, экипаж тәжірибелі әрі кәсіби мамандардан құралған еді. ҰҚК ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқандығын мәлім етті.

Алматы облысындағы әуе апатынан аман қалған екі ұшқыштың беті бері қарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.