Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жасаған жол апатынан жолаушы көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, салдарынан жолаушы қаза тапты деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 12 сәуір күні таңғы уақытта Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар “Покровка-Жаңажол” автожолының 89 шақырымында орын алған. Темір ауданының 27 жастағы тұрғыны “Лада-Ларгус” автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша оң жақтағы ойыққа аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлік құралын “орташа” дәрежедегі мас күйінде басқарған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Апта сайын мас жүргізушілер мен басқа да жүргізушілерді анықтау бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Әдеттегідей, демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады" , – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол апатына кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыста мас күйінде жүргізушілермен екі ЖКО тіркелген және облыс жолдарында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907983-aqtobe-oblysynda-mas-zurgizusi-zasagan-zol-apatynan-zolausy-koz-zumdy/

pixel