Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өгей әкесі қызын үш жыл зорлаған": БҚО-да мектеп директоры сот алдына келді

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: Sochinews.io

БҚО-да Жаңақала аудандық сотында қылмысты хабарламағаны үшін айыпталған мектеп-гимназия директорына қатысты қылмыстық іс қарала бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қылмыс үлкен қоғамдық дау тудырды. Тергеу органдары білім беру мекемесінің мұғалімдері өгей әкесінің оқушыға қатысты жасаған азғындығы туралы біле тұра, полиция қызметкерлеріне хабарламады деп есептеді.

Осылайша, Жаңақала мектеп-гимназиясының бірнеше мұғалімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза алды, ал директор жұмыстан шеттетіліп, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық сотта қылмыстық іс аудандық сотқа 7 сәуірде түскенін хабарлады.

Судья Ілияс Іргебаевтың төрағалығымен өтетін басты іс 16 сәуірге белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының 38 жастағы тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өгей қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін айыпталып, кінәлі деп танылды.

Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын төтенше қауіпсіздік колониясында өтейтін болды. Сондай-ақ, сот білім бөлімі қызметкерлерінің жауапкершілігін анықтау үшін прокуратураға жеке ұйғарым шығарды. Судья балаға қатысты зорлық-зомбылық туралы білуі мүмкін деп есептеді.

Айта кетейік, осыған дейін Жаңаөзенде анасы 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққанын жазған едік. Енді ол ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908265-ogei-akesi-qyzyn-us-zyl-zorlagan-bqo-da-mektep-direktory-sot-aldyna-keldi/

pixel