Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде төрт жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған ер адам қолға түсті

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Ақтөбеде төрт жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыс 2017 жылдың желтоқсан айында жасалған.

Шолақ мылтықпен қаруланған ер адам түнде азық-түлік дүкеніне баса-көктеп кіріп, оқ атып, кассадан 165 мың теңгені алып кеткен.

Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті төрт жыл бойы табылмаған еді.

Ағымдағы жылдың сәуірінде Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары бұрын жасалған ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүргізілген жедел шаралар барысында күдіктіні анықтады.

Ол Қарғалы ауданының 32 жастағы тұрғыны. Бұрын ұрлық үшін сотталған. Қолға түскен ер адам шабуылды қалай жасағанын айтып, кінәсін мойындап отыр.

Күдікті қылмыстық-процессуалды кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908471-aqtobede-tort-zyl-buryn-qaraqsylyq-sabuyl-zasagan-er-adam-qolga-tusti/

pixel