Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда кәмелет жасына толмаған үш бала оқ-дәрі жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Қару
Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразда кәмелет жасына толмаған үш жеткіншек оқ жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмағанның оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды.

Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ.

Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды",- деді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908687-tarazda-kamelet-zasyna-tolmagan-us-bala-oq-dari-zaraqatymen-auruxanaga-zetkizildi/

pixel