Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көлік дүкенге соғылды: Бір адам қаза болып, үшеуі зардап шекті

Опубликовано:

Алматы облысындағы жол апаты
Оқиға орны. Фото: Куәгерлерден

Алматы облысында екі көлік жол апатын жасап, нәтижесінде біреуі дүкенге соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі түрлі жарақат алды. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Онда Kia Cerato көлігінің дүкенге соғылып қалғаны анық көрінеді.

Полицияның мәлімдеуінше, жол апаты 19 сәуір күні Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында орын алған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, «Kia Ceratto« автокөлігінің жүргізушісі Алдашев көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, жол жиегінде тұрған «Faw« автокөлігімен соқтығысқан. Одан әрі инерциямен дүкенге соғылған. Алған жарақаттары салдарынан «Kia Ceratto«автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі апат орнында қаза болды. Сондай-ақ оның үш жолаушысы түрлі жарақаттармен Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды" , - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908709-almaty-oblysynda-kolik-dukenge-sogyldy-bir-adam-qaza-bolyp-useui-zardap-sekti/

pixel