Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей мектептерінің бірінде атыс болып, 11 адам көз жұмды

Опубликовано:

Атыс
Фото: РИА Новости

Ресейдің Қазан қаласындағы мектептердің бірінде белгісіз біреулер оқ жаудырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 11 адам қаза болған деп хабарлайды РИА Новости.

Бейтаныс адамдар Қазан қаласындағы №175 мектепте оқ жаудырған. РИА Новости мәліметінше, жарылыс болған, балалар ғимараттан эвакуацияланған. Қазіргі уақытта 11 адам қайтыс болып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылғаны белгілі болып отыр.

Татарстан президенті Рустам Минниханов оқиға орнына аттанған. Одан бөлек, жедел жәрдемнің 20 көлігі келген.

РИА Новостидің Telegram арнасының хабарлауынша, мектепте оқ жаудырғандардың бірін полицейлер қолға түсірген. Әлеуметтік желіде 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді азаматты ұстау сәтінен видео жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар мен бейәдеп сөздер бар. Бейнежазбаны кәмелет жасына толмағандарға, аяғы ауыр әйелдер мен психикасы тұрақсыз адамдарға көруге ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1911889-resei-mektepterinin-birinde-atys-boldy-11-adam-koz-zumyp-tagy-torteui-zaraqat-algan/

pixel