Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда кондиционер орнатып жатқан ер адам 9-қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Оралдағы көп қабатты үйлердің бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты тергеуді бастады. Кондиционерді орнату кезінде ер адам биіктіктен құлап көз жұмды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқыс оқиға 22 мамырда сағат 20:00 шамасында Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде болды, деп жазды "Мой город" газеті.

Қалалық полиция журналистерге ақпаратты растады.

"Алдын ала ақпарат бойынша марқұм досымен бірге кондиционер орнатып жатқанда құлап кеткен", - делінген хабарламада.

Полиция сондай-ақ бұл оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның ауыр жарақат алғанын және жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырғанын жеткізді.

Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы жағдай биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913941-oralda-kondicioner-ornatyp-zatqan-er-adam-9-qabattan-qulap-ketti/

pixel