Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жанұядан 3 адам көз жұмды: БҚО-дағы жол апатынан кейін әкім жазаға тартылды (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке сөгіс жариялады. Бұған Орал-Атырау тас жолында жол апатынан үш адамның көз жұмуы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыстық әкімдікте өткен жиында БҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Жанболат Жаншин қайғылы оқиға туралы хабарлады. Ол жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының үш бірдей мүшесі - әкесі, ұлы және немересі қайтыс болғанын атап өтті.

"16 мамыр күні сағат 22:40 шамасында Орал-Атырау тас жолының 75-ші шақырымында "ВАЗ-21113" автокөлігінің жүргізушісі қараусыз қалған екі атты қағып кетті. Нәтижесінде үш адам қайтыс болды, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала бар, тағы екеуі жарақат алды", - деді Жаншин.

БҚО басшысы Ғали Исқалиев республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қатаң шаралар қабылдау туралы аудан әкімдеріне ескерту жасағанын еске салды.

Жол апаты
Фото: БҚО ПД
"Мен Ақжайық ауданының әкіміне сөгіс жариялаймын. Екі айдың қорытындысы бойынша біз оның жұмысының нәтижесін көреміз. Ветеринария басқармасының өз жұмысын нашар орындағанын атап өтемін. Биылғы жылы ірі қара малдың қатысуымен болған 10 жазатайым оқиғаның сегізінде ғана жануарлардың иелері анықталды. Басқарма басшысы Серік Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сонымен қатар Ғали Исқалиев полицияға сақтандыру полисі жоқ ресейлік көліктерді анықтау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

БҚО полиция департаменті аймақта бақылаусыз жайылымға жол бермеу үшін мал орналастыруға арналған 64 қаша салынғанын атап өтті. Биылғы жылы жайылым ережелерін бұзғаны үшін 916 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1915872-bir-zanuyadan-3-adam-koz-zumdy-bqo-da-zol-apatynan-keiin-akim-zazaga-tartyldy-foto/

pixel