Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тапа-тал түсте жас қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Тонау
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Алматыда күндізгі уақытты қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды. Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған күдіктіні полиция іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жас қызға шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Роликті Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасы жариялады. Жазбаға қарағанда шабуыл бүгін, 4 маусымда жасалған.

Кадрларда ер адамның қызға шабуыл жасап, оның сөмкесін тартып алмақ болғаны көрсетіледі. Бірақ қыз сөмкесін жібере қоймайды, нәтижесінде шабуылдаушы құр алақан қашып кетеді.

Айта кетсек, тонаушы күндізгі уақытқа да, жақын маңдағы адамдарға да қарамаған. Ер адам қашпақ болған кезде оны адамдар ұстап алуға тырысқан. Дегенмен ол сытылып кетіпті.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қылмыс жеке секторлардың бірінде, бүгін таңертең болған. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының кім екенін анықтап, оны ұстау үшін жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Оның ұсталуы - уақыттың еншісінде", - дейді Алмалы ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Жедел қызметкерлер қазір бейнебақылау камерасындағы видеоларды зерттеп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысының Саран қаласында кейуана сөмкесін тартып алмақ болған қарақшыны соққының астына алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1916142-almatyda-tapa-tal-tuste-zas-qyzdy-tonamaq-bolgan-er-adam-videoga-tusip-qaldy/

pixel