Ақмола облысында жастар төбелесіп, 19 жастағы жігіттің жағы сынды
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Атбасар ауданында төбелес болып, 19 жастағы жігіттің жағы сынды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланған.
11 маусым күні Атбасар ауданының полиция бөліміне 19 жастағы жігіттен арыз түскен. Ол өзіне 9 маусым күні түнгі сағат 03:00-де 20 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын салғанын айтқан.
Тәртіп сақшылары жәбірленушінің әскерге шығарып салуды атап өткенін анықтаған. Содан кейін ол ауылдан Атбасарға таксимен келіп, көңілді кешті жалғастырған.
Түн ішінде ішімдік ішкен жас жігіттер көшеде келе жатып, қатты дауыстап сөйлеген. Ал сол мезетте олардың жанынан екі жігіт өтіп бара жатқан. Сөйтіп жастардың арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 19 жастағы ауыл тұрғынының жағы сынған.
Атбасар тұрғыны өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі (Денсаулыққа орташа дәрежеде қасақана зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда қыз үшін төбелескен жігіттердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.
6 маусым күні таңғы 6 шамасында құқық қорғау органдарына Гоголь көшесінде бірнеше жігіттің қатысуымен төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына барып, жанжалды тоқтатқан. Содан кейін төбелеске қатысқандар мен оқиға куәгерлерін полицияға жеткізіп, олардан жауап алынған.
"Екі жас жігіттің арасында қыз үшін жанжал туындағаны анықталды. Содан соң төбелеске екі тараптың да таныстары қосылған", - дейді Қостанай облысының полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917495-aqmola-oblysynda-zastar-tobelesip-19-zastagy-zigittin-zagy-syndy/