Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда қыз үшін төбелескен жігіттердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Қостанайда тәртіп сақшылары қару қолданып, бұзақылық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы өңірдегі полиция депарртаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 6 маусым күні таңғы 6 шамасында құқық қорғау органдарына Гоголь көщесінде бірнеше жігіттің қатысуымен төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Полицейлер оқиға орнына барып, жанжалды тоқтатқан. Содан кейін төбелеске қатысқандар мен оқиға куәгерлерін полицияға жеткізіп, олардан жауап алынған.

"Екі жас жігіттің арасында қыз үшін жанжал туындағаны анықталды. Содан соң төбелеске екі тараптың да таныстары қосылған", - дейді Қостанай облысының полиция департаменті.

Одан бөлек, қазір қару қолдану фактісі тексеріліп жатыр. Өйткені полицияға хабар берілген кезде атысқа ұқсас дыбыстар естілгені айтылған.

Осы ретте оқ жарақатымен ауруханаға ешкімнің түспегені атап өтілді. Бірақ үш адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында балалардың жанжалына араласқан ата-аналар бір-бірімен жаға жыртысқанын жазған едік.

Оқиға 25 мамыр күні сағат шамаммен 22:00-де көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көршілер арасында орын алған.

Жанжалдың алдын ала себебі - балалар бір-бірімен сөзге келген, содан кейін ата-аналар мәселені өздері шешуге кірісіп, сөзге келу соңы төбелеске ұласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916362-qostanaida-qyz-usin-tobelesken-zigitterdin-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel