Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы тұрғын бір түнде үш рет ұрлыққа түскен

Опубликовано:

Қылмыскер
Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 25 жастағы елорда тұрғынын ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция депаратментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында ұсталған азаматтың түнгі уақытта терезені бұзып кіріп, үй-жайдан ақша ұрлағаны анықталды.

Ол бір дүкеннен 7 мың теңге ұрлаған. Бұл оған жеткіліксіз болғандықтан ұсталған азамат асхана орналасқан көрші ғимаратқа бет алған. Үй-жайға кіріп, ол 20 мың теңге сомасында қолма-қол ақша ұрлаған. Бірақ жас жігітке бұл да жеткіліксіз болып, ол келесі дүкенге қарай беттеген. Ол дүкен терезесін бұрағыштың көмегімен бұрап ашып, ол жерден 6 мың теңге ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталған күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сақ болуға, кеңселер мен дүкендердің бөлмелерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.

Еске салсақ, Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталған еді.

"Таугүл" шағынауданында 26-дан 31 жасқа дейінгі үш күдікті есік кілтін таңдау арқылы бөтеннің пәтеріне кіріп, жасырын түрде алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Алайда полиция қаскөйлердің үстінен түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918139-nur-sultanda-25-zastagy-turgyn-bir-tunde-us-ret-urlyqqa-tusken/

pixel