Алматыда субұрқақта екі қызы мен анасын электр тоғы өлтіре жаздады (видео)
Жарияланған күні:
Кеше, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Үкілай Бестай өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, ол цирк алдында балмұздақ жеп отырғанда, екі кішкентай қыз аяқтарын субұрқаққа батырып жатқанын көрген.
Мен тіпті қыздардың қалай металл құрылымынан қолдарын ала алмай қалғанын түсінбедім. Аналары бірден құтқару үшін артынан барып еді, ол да сонда қалды. Олар тіпті айқайлаған да жоқ, мен сол сәтте оларды тоқ ұрғанын түсіндім", - деді алматылық қыз.
Ол бірден жан-жақтағы адамдарды көмекке шақырған.
"Абылай есімді жігіт өзін тоқ ұрғанына қарамастан, оларды кезек-кезек судан шығарып алды. Ал үшінші қызды басқа ересек адам құтқарып қалды, өйткені Абылай әйел мен қызын субұрқақтан шығарып жатқанда, өзі де әлінен айырылған", - деп жазады әйел.
Бірінші қыз бірден есін жинап алды, ал екіншісін көгалға жатқызып, алғашқы көмек көрсеткенен кейін ол да есін жиды деп еске алады әйел.
"Аналарын асфальтқа жатқызып, көмек көрсеткен соң, ол да қалпына келді, бірақ кейінірек қайтадан жағдайы нашарлады. Мен видеоға түсірген Абылай мен ер адам анасы мен қыздардың өмірі үшін күресуін бір секундқа да тоқтатқан жоқ", - деп қосты жазба авторы.
Ол қыздардың анасымен бәрі жақсы болады деп үміттенгенін айтты.
"Эко Алматы" ЖШС хабарлауынша, кеше субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеген. Күннің бірінші жартысында кезекші қызметкер тостағандарды бірнеше рет тазалап, жұмыс істеп тұрған субұрқақтың ішіндегі саптамаларды реттеген. Ол кезде жабдық жүйесінде ешқандай ақаулар болған жоқ, бәрі әдеттегідей жұмыс істеп тұрған.
"20 маусымда Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы, ШЖҚ "Алматықалажарық" МКК және EcoAlmaty ЖШС өкілдерінің қатысуымен субұрқаққа көшпелі тексеру жүргізілді. Бірлескен тексеру және барлау жұмысткары жүргізілді, оның барысында субұрқақ жабдықтарының ақауларын растайтын техникалық бұзушылықтар анықталған жоқ. Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр", - делінген "Эко Алматы" ЖШС хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918555-almatyda-fontanda-eki-qyzy-men-anasyn-elektr-togy-oltire-zazdady-video/