Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алқабилер соты Сәтбаевтағы кішкентай қызды зорлау ісіне қатысты үкім шығарды

Жарияланған күні:

Кішкентай балаларды зорлау
Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Алқабилер соты Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлау оқиғасына қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметігне сілтеме жасап.

Алқабилер соты Сәтбаев қаласында жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және зорлау фактісі (ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі, 106-бабының 2-бөлігінің 3,5,11-тармақтары) бойынша үкім жариялады. Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған еді.

Сотқа Пр. пен П. ерлі-зайыптылар тартылған болатын. Ал үшінші күдікті Г. тергеу барысында өз-өзіне қол жұмсаған. Осыған байланысты, Г.-ға қатысты іс оның өліміне байланысты тоқтатылды.

Сотта істің мән-жайы анықталды.

"2020 жылдың шілде айының 23-күні Г. мас күйінде өз үйінің кіре берісінде жас қыз бала - жәбірленушіні кездестіріп, оны ұстап алып өзінің пәтеріне әкелген. Содан кейін Г. өзінің көршісі Пр.-ты шақырып алып, жәбірленушіге зорлық жасауды ұсынған, соңғысы келіскен.

Содан соң олар Пр.-дың жұбайы – сотталушы П.-ны шақырып алған, ол олардың қылмыстық пиғылдарын біле тұра, балаға тергеумен анықталмаған зат инъекциясын жасаған. Қыз бала есінен тана бастаған. Содан кейін Г. мен Пр. жас қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған және зорлаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің психикалық денсаулығына ауыр зиян келтірілген",- деді сотта.

Дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты екі күдіктіні барлық баптар бойынша кінәлі деп таныды.

"Пр-тың жазасын ауырлататын мән-жай ретінде онымен қылмыстарды мас күйінде жасағаны анықталды. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Жоғарыдағыларды ескере отырып, Пр.-қа өмір бойына бас бостандығынан айыру және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздігі мекемесінде тағайындалды. Жазаның алғашқы 5 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде өтеледі",- деді алқабилер соты.

Алқабилер соты елде әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауға заң тыйым салатынын атап өтті. Осыған байланысты, сотталушы П-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды..

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918754-alqabiler-soty-satbaevtagy-kiskentai-qyzdy-zorlau-oqigasyna-qatysty-ukim-sygardy/