Алматыда аквапарктердің бірінде баланың басына темір киім ілгіш құлап кетті
Жарияланған күні:
Алматыдағы аквапарктердің бірінде оқыс оқиға орын алды. Құтқару күртешелері ілініп тұрған темір ілгіш хауызда жүрген баланың басына құлап кеткен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Телеарнаның мәліметінше, оқыс оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіге жариялады.
Азаматшаның айтуынша, келеңсіз жағдай аквапарк әкімшілігінің қызметіне атүсті қарауынан болған. Егер киім ілгіш еденге бекітілгенде оқыс оқиғаның алдын алуға болатын еді, дейді анасы.
Олеся Хисамутдинова баласының басындағы жұмсақ тіндерінің зақымдануынан денсаулығына зиян келе ма деп алаңдаулы.
"Мен баламның қасына келгенде басын ұстап қорқып қалғанын көрдім. Төбесі ісіп кетіпті. Маған жылап, басыма киім ілгіш құлап кетті деп айтты. Невропатологта есепте тұрдық. Бізге "эпилепсия" деген диагноз қойылған. Мен баламды осы уақытқа дейін үш жыл бойы емдеткенмін. Абырой болғанда; диагнозы расталмады. Бірақ баламның денсаулығына әсер ете ме деп қорқамын", - дейді зардап шеккен баланың анасы Олеся Хисамутдинова.
Келген шығынды өндіру үшін Олеся полиция шағым түсірмек. Ал аквапарк басшылығы оқыс оқиғаның болғанын растады.
Айтуынша, киім ілгіш хауыздан алыс тұрыпты. Оған өзге баланың асылып алуына байланысты бассейнге құлаған. Оқиғаның қалай болғаны түсірілген видеоны демалыс орнының басшылығы тек құзырлы органдарға ғана береміз деп отыр. Дегенмен, жауапкершіліктен қашпайтындарын да айтты.
"Бір кішкентай балаға бір демалушы қыз ілгішті түсіріп қойған. Жедел жәрдемнің қорытындысына сәйкес жұмсақ тіндері зақымданған. Қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз", - дейді аквапарк басшылығы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919437-almatyda-akvaparkterdin-birinde-balanyn-basyna-temir-kiim-ilgis-qulap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.