Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі мен қызы жол апатынан көз жұмды: Тірі қалған үш жасар баланың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

аурухана төсегі
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігерлер оңтүстік астана маңында болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен үш жасар баланың жағдайы туралы айтты. Бүлдіршін қазір Қарасай аудандық ауруханасында жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Зардап шегуші травматология бөліміне жатқызылған. Пациенттің бірнеше жарақат алғаны белгілі болып отыр. Дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы тұрақты.

"2018 жылы туған бала 28 маусым күні жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға түсті. Оған жабық бас-ми жарақаты, миының шайқалуы, сондай-ақ бас терісі мен бетінің сырылып, көгеруі диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Тұрақты", - дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты Қарасай ауданы Жамбыл ауылында болған еді.

Полицияның мәліметінше, "ЗИЛ 431410" жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі тас жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қағып кеткен.

Салдарынан 53 жастағы ер адам мен 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болған. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920022-akesi-men-qyzy-zol-apatynan-koz-zumdy-tiri-qalgan-us-zasar-balanyn-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel