Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы дала өртінен жаппай мал қырылып жатыр

Опубликовано:

Қой
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында бір тәулік ішінде жалпы ауданы 368 гектар болатын құрғақ шөп жануының 10 оқиғасы тіркелді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy тобында Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында дала бірінші шілдеден бастап өртеніп жатқаны айтылған. Қызыл жалынға оранған шөптен бірнеше жүз қой уланып өліпті.

Басылым мәліметінше, ауыл тұрғындары өлген 300 бас малды санаған. Олар өрт сөндірушілер келмеді деп наразылықтарын білдірген екен.

"Біз өзіміз өртті қолда бар құралдармен сөндіріп жатырмыз. Тіпті отты шүберекпен ұрамыз. Біздің көз алдымызда үй жануарларының жаппай қырылып жатыр. 300 бас өлген малды санадық. Мал - біздің өмір сүруіміздің жалғыз көзі", - дейді Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының тұрғыны.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығы мекемелерінің және ТЖ Департаменті бөлімшелері бірігуінің нәжижесінде 10 өрттің ішінде жалпы ауданы 235 гектарды құрайтын 6 өрт сөндірілген.

"Қазіргі уақытта Ұлытау ауданының Амангелді (Сарлық ауылынан 90 шақырым), Жангелді (Байқоңыр ауылынан 30 шақырым), Амангелді (Сарлық ауылынан 30 шақырым), Ақтас ауылдық округтерінде пайда болған дала жануын сөндіру жалғасып жатыр. Өрттерді сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан темір жолы, орман шаруашылығы мекемелерінен барлығы 291 адам және 72 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920996-qaragandy-oblysyndagy-dala-ortinen-zappai-mal-qyrylyp-zatyr/

pixel