jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодар облысында өздігінен тракторға шығып, құлап кеткен үш жасар бала көз жұмды

    Трактор
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы жеке үйлердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. Кішкентай бала тракторға шығып, техниканың салонынан құлап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полицияның ақпаратынша, оқиға Қаражар ауылында сағат 15:00 шамасында болған.

    Үш жасар бүлдіршін үй ауласында тұрған "МТЗ-82" трактор салонына мініп, аяқ астынан жерге құлап кеткен. Бұл кезде ересектер үйде болған.

    "Кішкентай бала ауруханаға жеткізілді, ол алған жарақатынан есін жимастан көз жұмды. Сараптамалар тағайындалды", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында кәмелет жасына толмаған баланың аттан құлап, көз жұмғанын жазған едік.

    Полицияның дерегінше, 16 маусым күні Павлодар қалалық полициясына шаһардағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

    "15 маусым күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Бесталап ауылында сағат 12:30-да кәмелетке толмаған бала аттан құлаған. Оны көргендер бар", - дейді полицейлер.

    Сонымен қатар, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылынан бес шақырым жердегі Ащысу өзенінде де қайғылы жағдай болған еді.

    Сыныптастарымен бірге атқа мініп, серуендеген 15 жастағы бала жылқысын суармақ болған. Осы кезде жеткіншек аттан құлап, суға батып кеткен.

    Жүгіріп келген әкесі суға кеткен ұлын құтқарып қала алмаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.