Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыағаш тұрғыны бірнеше миллион теңгесі мен алтын салынған сейфінен айырылып қалды

Опубликовано:

Сарыағаштағы ұрлық
Көрнекі сурет: Pixabay

Сарыағашта ішінде бірнеше миллион теңге ақшасы мен бағалы алтын бұйымдары бар сейф ұрланды. Түркістан облысының полиция департаменті аталған жайттың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш тұрғыны миллиондаған қаражат пен бағалы алтын бұйымдарын сақтайтын сейфінен айырылып қалды.

Белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, сейфті ұрлап әкеткен. Полицияға арыз жазған тұрғынның айтуынша, келтірілген шығынның көлемі 10 млн теңгеге жуық.

Тәртіп сақшылары деректі "Ұрлық" бабы бойынша тіркеп, оқиға орнына жедел түрде арнайы топ жіберген.

Тез арада ұрлық болған маңды барлау және куәгерлерден сұрау салу секілді қажетті іс-шаралар жүргізіліп, бейнабақылау камераларындағы деректер жиналған. Нәтижесінде, күдікті ретінде ағайынды жігіттер ұсталған. Олардың бірі бұған дейін де сотталғаны анықталды.

Тергеу нәтижесінде ер адамдар үйде ешкім жоқ болғанын аңдып жүріп, қақпа арқылы ішке еніп, терезені бұзып үйге кіргені белгілі болған. Ішке кірген соң, сейфті алып, оны бұзып, ішінен алтын бұйымдар мен ақшаны алғаны анықталып отыр.

Күдіктілер сейфті артынша лақтырып жіберген. Ұрланған заттарды сатып жіберіп, қаражатты жеке керек-жарағына пайдаланған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынып, олардың осы тектес өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Сарыағашта ер адам күзетшіні дәретханаға қамап, сауда үйін тонап кеткен болатын. Ол кезде күдікті 23 млн теңге қаражатты қолды қылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921955-saryagas-turgyny-birnese-million-tengesi-men-altyn-salyngan-seifinen-aiyrylyp-qaldy/

pixel