Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мешіт терезесінен кіріп, садақа жәшігін ұрлаған қаскөй ұсталды

Жарияланған күні:

Мешіттегі садақа жәшігі
Көрнекі сурет: adyrna.kz

Қызылордала мешіттің терезесінен кіріп, садақа жәшігін ұрлап кеткен азамат ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 шілде күні Қызылорда қаласының басқармасына қаладағы мешіттердің бірінің бас имамы хабарласып, қала орталығында орналасқан мешітте ұрлық болғанын хабарлады.

Айтуынша, белгісіз бірлеулер мешіт терезесіндегі темір торды бұзып ішке енген. Артынша, садақа жәшігін қолды қылыпты.

Полиция басқармасының жедел әрекет ету тобы шұғыл түрде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-тармағы 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған (тұрғын үй, қызметтік немесе өндірістік мекеме немесе көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау бабы).

Мешіт имамы полицейлерді тез арада әрекет еткені үшін алғысын білдірді.

"8 шілде күні сағат түнгі 02:00-де мешітімізге ұры түсті. Кәсіби қызметкерлер бір тәуліктің ішінде ұрлықшыны ұстады. Полицейлерді, оның ішінде шұғыл әрекет ету тобына алғыс айтамыз", - деді мешіт имамы.

Еске салсақ, мешіттегі садақа жәшігін қолды қылу жағдайлары бұған дейін де орын алған. Мәселен, былтыр Түркістанда да садақа жәшігінен ақша ұрлағандар ұсталған болатын.

Сонымен бірге, мешіттегі ұрлық көршілес мұсылман мемлекеттерінде заңмен қатаң қудаланады. Мысал үшін, былтыр Өзбекстанда мешіттен ақша ұрлаған тұрғын 7 жылға сотталып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922166-qyzylordada-mesit-terezesinen-kirip-sadaqa-zasigin-urlagan-qaskoi-ustaldy/