Батыс Қазақстанда 400 тонна шөп өртеніп кетті
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысында жинаулы тұрған 400 тонна шөп өртенді. Қызыл жалын 12 сағатта сөндірілген деп хабарлайды "Мой город".
Өрт Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде болған. Тілсіз жау 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде басталған. Салдарынан екі мыңға жуық шөп орамы өртеніп кеткен.
Порталдың мәліметінше, өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірген.
Айта кетсек, бұған дейін Ұлытаудағы алапат дала өрті ауыздықталғанын жазған едік. Өрттің ең үлкен ошағы 2 ауылдық округ - Жангелді және Ақтас аумағында болған.
Сонымен қатар, Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болғаны туралы да хабарлаған болатынбыз.
Туған ауылына қауіп төнгенде басын қатерге тіккен жігіт тілсіз жауды ауыздықтауға атсалыспақ болған.
Марқұмның әкесі Қожанбай Қожахметовтің айтуынша, баласы оқиға орнына өздігінен барған.
Әкесі қанша қарсы болғанымен, жас жігіт өрт сөндіріп жүрген ауылдастарына көмектескісі келетінін айтып, райынан қайтпапты.
"Бейбарыс "ауыл тұрғындарының барлығы өрт сөндіріп жатыр, сол үшін мен де баруым керек", -деді. Мен келісімімді бердім, бірақ абай болшы деп ескерттім. Осы уақытта дейін қанша дала өртін көріп келеміз, бұл ойын емес", - дейді марқұмның әкесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922437-batys-qazaqstanda-400-tonna-sop-ortenip-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.