Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дәмхана мен көлік жуу орталығынан өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_kz

Алматыда "Горный гигант" шағын ауданының жеке секторында дәмхана мен көлік жуу орталығынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары себебін анықтап жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, түскі екі кезінде Ескендіров көшесіндегі бір қабатты ғимаратта өрт басталған. Тілсіз жау жақын тұрған үш қабатты ғимаратқа көшті.

"Жақын маңдағы тұрғын үйлерге қауіп төнді. Өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды. Оқиға орнында жедел штаб жасақталды. Электрмен қамту қызметі нысанды электр энергиясынан ажыратты", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Аптап ыстық жағдайды ушықтыра түсті. Бүгін Алматыда ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілді.

Бұған қарамастан, өрт сөндірушілер тілсіз жауды 25 минут ішінде сөндірді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің себебін анықтайтын болады. Негізгі себеп ретінде қысқа тұйықталу болуы мүмкін екені қарастырылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923841-almatyda-damxana-men-kolik-zuu-ortalygynan-ort-syqty-video/

pixel