Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қаласының 50-ден астам өрт сөндірушісі ЖОО ғимаратында отпен күресуде (фото)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Семей қаласының 50-ден астам өрт сөндірушісі жоғарғы оқу орны ғимаратында отпен күресуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тілсіз жау 1987 жылы салынған, үш қабатты, шамамен ауданы 150 шаршы метр объектінің бір бөлігін қамтыды.

Өрт 8.05-те тежелді.

Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндірушісі жедел келген. Тілсіз жаумен күресуге 14 бірлік техника жұмылдырылды.

"Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт сөндіру құралдарын үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті толық сөндіргеннен кейін болған оқиғаның себебін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайтын болады" делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған.

Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары һрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

"Қызыл жалынға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды дер кезінде қалыпқа келтіру керек. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет" деді мамандар.

Өрт
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департамент

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1924096-semei-qalasynyn-50-den-astam-ort-sondirusisi-zoo-gimaratynda-otpen-kuresude-foto/

pixel