Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда төгілген кофе үшін даяшыны ұрған жігіт елден кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Кешірім
Кадр: видеодан алынды/YouTube/NUR.KZ

Желіде Алматыдағы кофеханалардың бірінде даяшыны төгілген кофе үшін ұрған жігіттің видеосы тарап кетті. Болған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Артынша жігіттің өзі де кешірім сұрап, видео жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде траған видеодан кофехана қонақтарына қызмет көрсетіп жүрген даяшы бірнеше ер адам отырған үстелге жақындап, сусындарды қоя бастағанын көруге болады.

Артынша байқаусызда сусын құйылған стақанды қонақтардың бірінің үстіне төгіп алады.

Осы кезде үстіне кофе төгілген жігіт атып тұрып, даяшыға қол көтереді. Бұл видео желі қолданушыларының ашуына тиді. Олар түрлі жағымсыз пікірлерін жаудырып, даяшыны ұрған жігітті жазалауды талап етуде.

Әлеуметтік желіні шулатқан видео кейіпкерлері полиция назарынан да тыс қалған жоқ. Қалалық полиция департаментінің таратқан ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда даяшыны ұрған жігіттің кім екені белгілі болған.

"Бүгін біз даяшыға тап берген жігіттің кім екенін анықтадық. 1992 жылғы ер адам ұсталды. Қазіргі таңда ол Медеу аудандық полиция басқармасына тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді. Кінәлі адам жауапкершілікке тартылатын болады.

Қылмыстық іс кеше, 28 маусым күні тіркелген. Қылмысты анықтау және тергеу Медеу аудандық ПБ құзыретіне тапсырылды", - дейді Алматы қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сонымен қатар, полиция жігіттің кешірім сұраған видеосын да жария етті. Онда ол болған жайт үшін халықтан кешірім сұрап, өзінің қателікке бой алдырғанын мойындап отыр.

"25 шілдеде кафеге таңғы ас ішуге келдім. Даяшы менің үстіме кофе төгіп алды. Сол үшін мен оны ұрып жібердім. Қатты ұрған жоқпын. Алақаныммен ұрдым. Дегенмен, мұным дұрыс болмады. Кешірім сұраймын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1924574-qatty-urgan-zoqpyn-almatyda-togilgen-susyn-usin-dayasyny-soqqyga-zyqqan-zigit-eldin-asuyna-tidi/

pixel