Тежегішті басып үлгермеген: Нұр-Сұлтанда жол апатынан екі бала көз жұмды
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда 7 және 11 жастағы екі бала жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 4 тамызда сағат 22:30 шамасында болды.
"Howo автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына қарай айналма жолмен келе жатып, жол бойында тұрған Steyr маркалы жүк көлігін соқты. Содан кейін Volkswagen Passat жүргізушісі әрекет жасауға үлгермей Howo көлігімен соқтығысқан", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға орнында болған апат салдарынан Howo кәмелетке толмаған 11 және 7 жастағы екі жолаушысы қайтыс болды. Howo мен Volkswagen жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Екі көліктің жүргізушілері мен Geely-дің жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Сонымен қатар, Қаскелең қаласына кіре берістегі тас жолда кісі өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болған еді.
Жүргізуші қиылысқа жақындаған кезде қарсы бағытта келе жатқан көліктерді жіберіп, бұрылуға әрекет жасаған. Алайда ол Қытайда шығарылған мопедті аңғармай қалыпты.
Осылайша, мопед пен жеңіл көлік соқтығысқан. Zaz жүргізушісі мопедтегі жігіт дәрігерлер келгенге дейін қолында қайтыс болғанын жеткізді. Жедел жәрдем бригадасы кісі өлімінің тіркелгенін растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1925686-nur-sultanda-zol-apatynan-eki-zasospirim-qaitys-boldy/