Нұр-Сұлтанда жаппай төбелескен жұмысшылар полицияға жеткізілді (видео)
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда жұмысшылардың жаппай төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Полицейлердің мәліметінше, мұндай жағдайға олардың өзара сөзге келіспей, жанжалдасуы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жаппай төбелестің видеосы Instagram-дағы kris.p.astana парақшасында пайда болды.
Кадрдан белгілі бір объектіде бірнеше жұмысшының бір-бірін ұрып-соғып жатқанын байқауға болады.
Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген елордалық полицейлер оқиға 6 тамызда Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс алаңының аумағында болғанын жеткізді.
Белгілі болғандай, құрылыс отрядтары арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
"Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Төбелес кезінде 102 арнасына ешқандай қоңырау түспеді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!
Еске сала кетейік, Атырау облысында Индер ауданы Есбол ауылының маңында жастар арасында топтық төбелес болып, басынан ауыр жарақат алған 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмған болатын.
Одан бөлек, Қарағанды облысында ауладағы төбелестен кейін 12 жастағы баланың көз жұмғанын жазған едік.
Полицейлер марқұмның аулада 13 жастағы баламен жанжалдасқанын анықтады. Төбелес болып, марқұм дене жарақатын алған. Болған жайт видеоға түсіп қалып, ол әлеуметтік желіде жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1926700-nur-sultanda-zumyssylar-zappai-tobelesken-video/