Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда ауладағы төбелестен кейін 12 жасар бала көз жұмды

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қарағанды облысы Теміртау қаласында балалар төбелесті. Оған қатысушылардың бірі ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеде Старогородской полиция бөліміне 12 жастағы ер баланың Теміртаудағы ауруханада көз жұмғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер марқұмның аулада 13 жасар баламен жанжалдасқанын анықтады. Төбелес болып, марқұм дене жарақатын алған. Болған жайт видеоға түсіп қалып, ол әлеуметтік желіде жарияланды.

Осы ретте Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Рустем Күлкеев аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабымен тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923820-temirtauda-auladagy-tobelesten-keiin-12-zasar-bala-koz-zumdy/

pixel