Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көшеде 12 жастағы бала көз жұмды

Жарияланған күні:

жедел жәрдем көлігі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы көшелердің бірінде 12 жастағы баланың ес-түссіз жатқаны, оған дәрігерлер көмек көрсеткісі келмегені туралы хабарлама тарады. Бала қайтыс болған. Бұл шағымға қатысты Маңғыстау облысы жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Шіршікбаев жауап берді деп жазады Lada.kz.

"Үшінші ықшамауданда бала көшеде қайтыс болды. Жедел жәрдемді 40 минут күттік. Артынан ата-анасы келмейінше ештеңе істемейтінін айтты. Егер адамдар көшеде баланың жатқанын көріп, ары-бері өтіп жүрсе, оның ата-анасын қайдан іздейміз? Дәрігерлер көмектеспеді. Ақтауда нағыз бассыздық болып жатыр", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Бұл шағымға қатысты Маңғыстау облысы жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Шіршікбаев пікір білдірді.

Ол қоңырау түскеннен кейін бригада оқиға орнына 9 минутта жеткенін хабарлады. Айтуынша, ақ халаттылар келген уақытта баланың жүрегі тоқтап қалған, алайда фельдшерлер жарты сағат бойы баланың өмірі үшін күрескен.

"Бізде егер фельдшер ес-түссіз күйде жатқан адамды көрсе, ештеңеге қарамастан реанимациялық шаралар жасау керек деген қағида бар. Алайда, мұндай шаралар өкінішке қарай, бұл жолы ешқандай нәтиже бермеді", - дейді Айралбек Шіршікбаев.

Алдын ала ақпарат бойынша, баланың жүрегі тоқтап қалған.

Еске салайық, осыған дейін Қостанай облысы Рудный қаласында полицейлер ес-түссіз күйде табылған аяғы ауыр келіншекке көмек көрсеткенін жазған едік. Оқиға 7 тамыз күні болған. Рудный қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1927088-aqtauda-kosede-12-zastagy-bala-qaitys-boldy/