Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш баланың анасы еді: Риддерде әкімдік қызметкерін аса қатыгездікпен өлтіріп кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Видеодан кадр: Polisia.kz

Риддерде үш баланың анасын қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, 26 тамыз күні таңертең үйінен жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен әкімдік қызметкері туралы жаңалық Риддер тұрғындарын дүр сілкіндірген.

Жақындары келіншекті таба алмаған соң, полицияға жүгінген.

Сол күні кешкісін орман алқабын тексеру барысында әдетте уақытты қысқарту үшін жұмысқа баратын жолдардың бірінің маңынан әйелдің денесі табылған.

Марқұмның денесінде тұншықтыру, пышақ жарақаты сынды зорлық белгілері болған.

Оқиға орнына облыс орталығынан полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы сонымен қатар, криминалдық полиция қызметкерлері дереу жеткен.

Бірнеше күннен кейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталған. Оның бұрын бірнеше рет істі болғаны бегілі болды.

Ер адам жауап алу кезінде оңай олжаға кенелу үшін қылмысқа барғанын айтқан.

Ол орман алқабынан өтіп бара жатқан әйелдің күміс бұйымдары мен қолына қысқан сөмкесіне қызыққан көрінеді.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов жедел-тергеу іс-шаралары алты күн бойы жүргізілгенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.

"Күдіктінің әрекеттері қылмыстық кодекстің 99 және 192-баптары бойынша сараланады, оның санкциялары 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді", - дейді Талғат Шаяметов.

Ал анасынан айырылған балалар жақын туыстарының қамқорлығына берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930248-ridderde-qaskoi-us-balanyn-anasyn-ayausyz-oltirip-ketti/

pixel