Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы кен орнындағы төтенше жағдай: Қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Опубликовано:

Өртеніп жатқан үй
Көрнекі фото: piqsels.com

6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 04.55 шамасында Маңғыстау облысындағы "Боранкөл" кен орнындағы жатақханада өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнындағы "ҚазМұнайТеңіз" ТМК ЖШС екі қабатты жатақханасында өрт болды. Қазіргі уақытта қызыл жалын сөндірілген.

Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС өрт сөндіру қызметінің екі өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

"ҚазМұнайТеңіз" ЖШС филиалының басшылығы оқиға орнына барды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930552-mangystaudagy-ken-ornyndagy-totense-zagdai-qaza-tapqandar-men-zaralangandar-bar/

pixel