Ақмола облысында жанармай таситын көлік пен отын цистернасы жарыла жаздады (фото)
Жарияланған күні:
21 қыркүйек күні кешке Жақсы ауданында бензин таситын көлік, содан кейін сыйымдылығы 50 текше метр дизель отыны бар автоцистерна өртенді. Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше, 21 қыркүйекте сағат 17.27-де құтқарушыларға "ГАЗ-53" маркалы автомобиль мен сыйымдылығы 50 текше метр дизель отыны бар автоцистерна жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды. Өртке үшінші дәреже берілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Жүргізушінің айтуынша, ол жанармай құюға келіп, автокөлікке жанармай құю кезінде өрт шыққан, содан кейін өрт дизель отыны бар 50 текше цистернаға жайылған", – деді Жақсы ауданының ТЖБ бастығы Біржан Әбілмәженов.
Өртті сөндіруге ТЖБ қызметкерлері бір адам, Жаңа-Қима ауданы 28-ӨП, 2 бірлік техника жеті адам, Жақсы ауданы. 13-ӨСБ, 1 бірлік техника төрт адам, ЖПҚ 1 бірлік техника екі адам, МЕӨҚ 1 бірлік екі адам, "Жаңа Жол" ЖШС ЕӨҚ 3 бірлік техника бес адам жұмылдырылды. Өрт 20.09 минутта ауыздықталып, жойылды.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққан кезде дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу керектігін ескертеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933320-aqmola-oblysynda-zanarmai-tasityn-kolik-pen-otyn-cisternasy-zaryla-zazdady-foto/