Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эльбрус тауына шығу кезінде бес альпинист көз жұмды

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Эльбрус тауына шыққан 19 альпинистің бесеуі қайтыс болды деп хабалайды РИА Новости.

19 альпинист Эльбрусты бағындырмақ болған. Алайда 5400 метр биіктікте ауа райы нашарлап, топтың көмек сұрауына тура келген. Бастапқыда 23 адамның бары хабарланған, бірақ Ресей ТЖМ тау шыңына 19 адамныың аттанғанын анықтаған.

Ең алдымен құтқарушылар сегіз адамды тапқан, оның үшеуі қайтыс болған. Тағы тоғыз адам кейінірек табылған.

"Эльбрус тауындағы альпинистер тобын іздеу-құтқару операциясы барысында 14 адам құтқарылып, Азау жазығына эвакуацияланды. Олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Өкінішке қарай, бес адам қайтыс болды", - деді Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқару жұмыстрына 69 құтқарушы жұмылдырылған. ТЖМ қызметкерлері альпинистерді желдің екпіні секундына 40-70 метр, жауын-шашынның қатты түсуі мен минус 20 градусқа дейінгі температураға қарамастан құтқарған.

"Іздеу жұмыстары 5000 метр биіктікте және топ болған аумақтарда жүргізілді. Іздеу-құтқару операциясын үйлестіру үшін ТЖМ жедел штабы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Россиская газетаның жазуынша, аталған факті бойынша Ресей тергеу комитеті тергеуге дейінгі тексеріс бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933681-elbrus-tauyna-sygu-kezinde-bes-alpinist-koz-zumdy/

pixel