Қарағанды облысынан көлік ұрлаған күдікті елордада полицейді қағып кетті (видео)
Жарияланған күні:
Қарағанды облысының Жаңарқа елдімекенінен «Митцубиси» маркалы көлікті ұрлап, айдап кеткен күдікті елордада ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 қыркүйек күні сағат 13:55-те 102 нөміріне Қарағанды облысының Жаңарқа елд мекенінен таңғы сағат 05:00-де «Митцубиси» маркалы автомобильді айдап кеткені туралы бағыттама түсті. Қабылданған іс-шаралардың арқасында аталған көлік елорда аумағында байқалды.
Автопатрульдерге көлік ұрысын ұстау туралы ақпарат жедел таратылды. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің «тоқта» деген заңды талабына бағындай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жол жүрісі ережесін өрескел бұзды», - деп атап өтеді департамент.
Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері күдікті көлікті Ташенов көшесі бойында қоршауға алған. Бірақ, ұрланған көліктің рөлінде отырған күдікті артқа жүріп, полиция қызметкерін қағып кетеді. Полиция қызметкері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
«22 жастағы құқық бұзушы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлікті айдап әкетумен қатар күдіктің үстінен ҚР ҚК 380-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды», - деді қалалық полиция департаментінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933915-qaragandy-oblysynan-kolik-urlagan-kudikti-elordada-policeidi-qagyp-ketti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.