Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда адам толы лифтінің құлауына қатысты тың ақпарат жария болды

Опубликовано:

Құлаған лифт
Кадр: Lada.kz

Ақтау бойынша жеделсатыларға жауапты серіктестік өкілдері 11 қабатты үйдің құлаған лифтісі еш жерде тіркеуге алынбағанын мәлімдеді деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Серіктестік мамандарының айтуынша, 17-ші ықшамаудандағы жаңа баспанаға адамдар былтырдан бері қоныстана бастаған. Үйге екі жеделсаты орнатуға 2019 жылы компаниялар арасында келісімшарт жасалған. Алайда бұл құжат бүгінге дейін мемлекеттік органда тіркемелген.

Осыған қарамастан лифтілер тұрғындардың өтінішімен ара-тұра қосылып келіпті. Кеше болған оқыс жағдайдан кейін олар электр желісінен ажыратылды.

Еске салсақ, өткен демалыста он шақты адам мінген лифт 1 қабаттан шахтаға құлап кеткен еді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

"Бір қызмет көрсететін мекемемен келісімшарт жасау керек. Бізбен, ия басқа лифтіге қызмет көрсететін мекемелермен. Оның біреуін де жасаған жоқ. Мен неше рет айттым, тоқтатып тастаймыз деп. Тоқтатсам, мына халық шулайды жоғары этаждарда үлкен адамдар бар, түсе алмайды дейді. Біз сосын көзімізді жұмамыз да, заңға қайшы лифтіні қосып береміз", - дейді "Ақтау қалалық лифтілері" серіктестігінің құрылтайшысы Көпберген Жайлиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934205-aqtauda-adam-toly-liftinin-qulauyna-qatysty-tyn-aqparat-zariya-boldy/

pixel