Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар мен Екібастұзда пәтерінде қайтыс болған екі адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Есік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Кілттенген есікті ашуға шақыртылған ТЖД қызметкерлері Екібастұз бен Павлодарда екі ер адамның мәйітін тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Павлодар құтқарушылары есік ашуға төрт рет шақыртылды", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистерге.

Полиция департаментінің хабарлауынша, барлық шақырту 7 қазан күні болған. Бірінші шақырту сағат 17:10-да Назарбаев даңғылы 44-ші үйден келіп түскен. Пәтерде қалған бала есікті аша алмаған, ата-анасы кіреберісте болған.

Құтқарушылар полиция мен баланың ата-анасының көзінше пәтер балконына жылжымалы саты арқылы шыққан. Балаға ештеңе болмаған.

"Екібастұз қаласындағы екінші шақыртуға құтқарушылар 18:51-де шықты. Мәшһүр Жүсіп көшесінде тұратын 1945 жылғы әйел пәтерде болып, есігін аша алмаған", – деді өңірлік ТЖД.

Мұнда да құтқарушылар полиция қызметкерлерінің көзінше арнайы құралдармен кірер есікті ашты. Әйелге ештеңе болмаған, ол медициналық көмекті қажет етпеді.

Сағат 20:20-да Екібастұз құтқарушылары дәл сондай шықыртуға шықты. Амангелді көшесіндегі жеке меншік секторында ер адам есігін ашпаған, үйден өлік иісі шыға бастаған.

Құтқарушылар полицейлер мен ер адамның туыстарының көзінше кірер есікті арнайы құралдармен ашты. Бөлмелердің бірінен 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

"Ұқсас жағдай Павлодар облысында түнгі сағат 11 шамасында болды: инсульт алған ер адам есігін ашпаған. Құтқарушылар полицейлер мен ер адамның туыстарының көзінше арнайы құралдармен кірер есікті бұзып ашады – бөлмелердің бірінде 1974 жылы туған ер адамның мәйіті табылды", – деді құтқарушылар.

Барлық жағдайда Павлодар облысында шақыртылған жерлерге 16 құтқарушы, 4 ТЖД көлігі және 102 қызметі шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936164-pavlodar-men-ekibastuzda-paterinde-qaitys-bolgan-eki-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel